Елордада Стратегиялық бастамалар форумы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Rixos President Astana» Стратегиялық бастамалар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

CSI сарапшылары, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың басшылары, қоғам және саясат қайраткерлері, экономистер қатысқан форум барысында ел дамуының өзекті мәселелері, жаңа «өсім нүктелерін» табу жайттары егжей-тегжейлі талқыға түсті. Форумның түске дейінгі екі сессиясы барысында сарапшылар жаңа экономикалық саясат пен банк секторына қатысты ойларымен бөлісті.

Ал түстен кейінгі үшінші сессияда CSI Ербол Төлегенов «Зейнетақы реформасы. Сингапур моделі» тақырыбында баяндама жасап, аталған модельдің басым тұстарына тоқталды. Пікірталас барысында дәл осы тақырыпқа қатысты Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқармасының төрағасы Жанат Құрманов, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов ойын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар