Елордада спорт саласына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде спорт саласына еңбегі сіңген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамыз айының әр үшінші жексенбісінде Қазақстанда Спорт күні мерекесі аталып өтеді. Айтулы мереке тұсында «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі» және «Құрметті спорт қайраткері» наградаларын 33 адам алды. Оның ішінде Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов, самбо спортынан бапкер Қаймен Есендияров, Балуан Шолақ атындағы спорт мектебінің директоры Марат Қойшин, дзюдо күресінен бапкер Мәулет Амантаев пен өзге де бірқатар азаматтар бар.

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев спорт мамандарын мерекемен құттықтап, мемлекеттің қолдауының арқасында жастарға үлкен көңіл бөлініп жатқанын, спорттың дамып, спорттық нысандардың көптеп салынып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар