Елордада сорғы-сүзгі стансасының құрылысы басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада үшінші сорғы-сүзгі стансасының құрылысы басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалаға үшінші сорғы-сүзгі стансасы қажет. Екі сорғы-сүзгі стансасы тәулігіне 200 мың текше метр сумен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта құрылыс көлемінің артуына байланысты су тапшылығын сезетін боламыз. Өткен жылы стансаны жобалаған едік. Жобасы бар. Барлық конкурс рәсімдері өткізілді. Күзде үшінші сорғы-сүзгі стансасының құрылысын бастаймыз. Ол тәулігіне қосымша 100 мың текше метр су береді», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Сонымен қатар қала басшысы жаңа құрылыс аудандарында электр шағын стансаларын салу қажеттігін атап өтті.

«Жалпы, жайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспарына сәйкес, 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті аббаттандырамыз. Өткен жылы 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістікті аббаттандырған едік. 2019, 2020 және 2021 жылдың қорытындысында шамамен 420 аула мен 100-ден астам қоғамдық кеңістікті аббаттандыратын боламыз», - деді қала әкімі.


Соңғы жаңалықтар