+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Елордада соңғы 5 айда тұрмыстық қылмыс азайды

2021 жылғы 10 маусым 23:13
Бөлісіңіз:
Елордада соңғы 5 айда тұрмыстық қылмыс азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда тұрмыстық зорлық-зомбылық төмендеп, қылмыстың ашылу көрсеткіші жақсарды. Соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша қылмыстарды тіркеу шамамен 40%-ға төмендеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда халықаралық іздеудегі қылмыскер ұсталды Павлодар облысы тұрғынының қорасынан газ тапаншасы мен револьвер табылды Атырауда 5 адам бөтеннің көлігін айдап әкеткен

Оың айтуынша алдын алу жұмыстарының күшеюі нәтижесінде мас күйіндегі қылмыстар 37,7%-ға төмендеген. Қылмыс деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 40,2%-ға азайды.

«Пандемия жағдайында халықтың өмір салты түбегейлі өзгерді. Әлеуметтік байланыстардың төмендеуі, қаржылық жағдайдың нашарлауы адамдардың психологиялық жағдайына теріс әсер етті. Маскүнемдік салдарынан отбасылық және өзге адамдармен қақтығыстар туындады. Біз есепте тұрғандармен (маскүнемдер – 1 081, нашақорлар – 400, отбасылық жанжалдар – 3388) профилактиканы күшейттік, маскүнемдік (183) және нашақорлық (72) бағыты бойынша жұмысты жалғастырудамыз», - деп мәлімдеді Арман Айтмағамбетов.

Оның айтуынша тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін 849 адам жауапқа тартылды, жәбірленушілерді қорғау үшін 3388 қорғау ұйғарымы шығарылды, 275 әйел дағдарыс орталығына орналастырылды. Отбасылық жанжалдар бойынша 102 нөміріне түскен қоңырауларды өңдеу тәжірибесі енгізілді. Осылайша, учаскелік инспекторлардың жұмысына бақылау күшейтілді.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен және проблемалы отбасыларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. 203 адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген, оның ішінде 160-ы алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынған. Мінез-құлқына байланысты қойылған ерекше талаптарды бұзғаны үшін 203 адам жауапқа тартылды», - деді ведомство басшысы.

Сөз соңында Арман Айтмағамбетов әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері Мемлекет басшысының бақылауында екенін айтты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT