Елордада соғыс ардагерлерінің құрметіне Естелік тақта ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндері қарсаңында Ішкі істер министрлігінің Мемориалдық кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, бұл нысан Жеңістің 77 жылдығына орай және Отанын қорғап, ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері – қазақстандық жауынгерлердің құрметіне салынды.

«Бұны сұрапыл Ұлы Отан соғысының кезінде елі үшін, халқы үшін жанын пида еткен, өмірін қиған талай қазақ батырларына, сол Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтардың бәріне, соғыста жеңіске жету үшін тылда еңбек еткен, ерлік жасаған біздің халқымыз үшін қойылған үлкен ескерткіш деп қарастыруымыз керек деп ойлаймын», – деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тақтаның таныстырылымында.

Айта кету керек, Ұлы Отан соғысына 1,5 миллионнан астам қазақстандық қатысты, олардың жартысынан көбі майдан даласынан елге оралған жоқ. 500-дей отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанып, 124-і «Даңқ» орденінің толық иегері болды.


Соңғы жаңалықтар