Елордада скейт алаңы және паркур кеңістігі пайда болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы «Арқар» көпірінің астында скейт алаңы мен паркур аймағы ашылады. Бұл туралы бас қаладағы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бүгінде қаладағы көпірлер астындағы алаңдарды қажеттілікке жаратып жатырмыз. Онда адамдарға демалып қана қоймай, өздерін қызықтыратын спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік жасалады. Соның ішінде біздің жоспарға сәйкес «Арқар« көпірінің астында скейт алаңы және паркур кеңістігі ашылады. Яғни экстремалды спорт түрлеріне арналған кеңістік пайда болады. Жобаның құрылысы осы күзде басталып, келер жылға дайын болмақ», - деді Е. Базыкен.


Оның айтуынша, кеңістіктің жалпы аумағы 1600 текше метрді құрайды және аталған жоба «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» шеберлік-жоспарының аясында жүзеге асырылады.


Еске сала кетсек, осы жазда «Арқар» көпірінің астында арт-кеңістік ашылып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін көрікті орындардың біріне айналды.


Соңғы жаңалықтар