Елордада Шыңғысхан туралы хореографиялық спектакль қойылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК Қазақстанда алғаш рет Бейбітшілік және Келісім сарайында Жастар жылы аясында және қала күні мерекесіне арнап «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклінің премьерасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл қойылым Азиядағы тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері Шыңғысханның (Темүжін) өмірі мен ерен еңбегіне арналады. Қойылымда аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, Шыңғыс ханның бала кезінен бастап, ер жетіп, ел билеген кезеңдері қамтылады. Өзінің әскери талантының арқасында кең-байтақ терриорияны басып алып, жарты әлемге билік жүргізгені хореография тілінде көркем бейнеленеді. Қойылым кәсіби мамандардың орындауда арнайы жазылған музыкамен, көркем декорациямен, сол дәуірдің ғажайып костюмдерімен көрерменді баурап алары сөзсіз.

Өзінің қайсарлығының арқасында әкесінің, жарының кегін қайтарып, ұлан-байтақ жерге ие болып үстемдік құруы, замандастарының оны хан көтеруі бұл қойылымда асқан шеберлікпен сахналанады.

Костюмдер, реквизиттер мен әшекейлер Моңғолияның дизайнерімен, тарихи өнімдердің мамандары Batbileg Lkhagvasuren бірге әзірленген. Спектаклдің дайындығы Монғолияның кәсіби хореографы Тугсуу Тумурхуягпен бірге өткізілді.

Соңғы жаңалықтар