Елордада «Шығыс жұлдызы Науаи» халықаралық әдеби кеш өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Достық үйінде Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай «Шығыс жұлдызы Науаи» атты халықаралық әдеби кеш өтті. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі Саидикром Ниязходжаев, ҚР Парламент депутаты Сауытбек Әбдірахманов, науаитанушы, белгілі жазушы және ақын, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Мұхамедәли Әли Ахмедов, Әлішер Науаи шығармаларын қазақ тіліне аударған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын және жазушы Несіпбек Айтұлы, «Шығыс жұлдызы - Науаи» мәнерлеп оқу байқауының қатысушылары қатысты.
null

Жансейіт Түймебаев шығыстан шыққан бірегей тұлғалардың есімін атағанда Хафиз, Фирдоуси, Рудаки, Низами, Омар Хайям, Сағди, Жалаладдин Руми, Насир Хусрау, Жәмимен қатар Науаидың есімін де мақтанышпен еске алынатынын айтты. Сондай-ақ, хакім Абай бірегей тұлғаның шығармашылық зертханасына терең үңілсе, Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев сияқты үлкен ғалымдар мол мұрасының кең танылуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Ақын Несіпбек Айтұлы Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке жинақ шығарғанын, ҚазҰУ шығыстану факультетінде қызмет еткен жылдары профессор Өтеген Күмісбаев Науаи ғазалдары мен Абай шығармашылығының сабақтастығын зерттеп, бірнеше ғылыми еңбек жазғанын еске салды. Ал Алматыдағы ең әсем көшелердің біріне Науаи есімінің берілуі көршілес жатқан екі ел қарым-қатынасын жақындататын жайлардың көптігін көрсететінін жеткізді.
null

«Қазақстан мен Өзбекстанды бағзы замандардан бергі достық қатынастар байланыстырады. Біз - тарихымыз ортақ, тіліміз туыс, тату көршілік салтын ұстанған бауырлас елдерміз. Осы ерекшеліктерімізді негізге ала отырып, екі мемлекет басшылары 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылын және 2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Өткен жылы - Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан 200-ден астам іс-шара өткізілгенін атап айтқым келеді. Олардың екі халықты бұрынғыдан бетер жақындата түскені, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытудың маңызды факторына айналғаны ақиқат», - деді Жансейіт Түймебаев.
null

Әлішер Науаи XIV ғасырдың ортасы мен XV ғасырдың басында өмір сүрген түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер. Оның шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мәуереннаһр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады.

Кеш барысында Әлішер Науаидің өмірі туралы бейнеролик көрсетіліп, қонақтар «Аналар Аманаты» қолөнер шеберлері орталығының көрмесін тамашалады.

null null null

Соңғы жаңалықтар