Елордада шейх Тамим бен Хамад Әл Тани атындағы мектепті салу мәселесі Катарда талқыланды

None
None
ӘБУ-ДАБИ. АСТАНА - Бүгін Дохада Қазақстан Республикасының Катар мемлекетіндегі Елшісі Асқар Шоқыбаев елдің бұрынғы Әмірі, шейх Хамад бен Халифа Әл Танимен кездесті.

Жүздесу барысында шейх Хамад Катар елінің Қазақстан Республикасымен жан-жақты қарым-қатынастарының дамуы және нығаюына үлкен мән беретінін атап өтті.

Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесулерді жылы еске алып, Мемлекет басшысының Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы қажырлы еңбегін жоғары бағалады, сондай-ақ қазақстандық көшбасшыға жылы лебіздерін жеткізуді сұрады.

Өз кезегінде А.Шоқыбаев Қазақстанның тәуелсіздігін алған сәтінен бастап саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістігі туралы айтты.

Бұдан басқа, кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастық, атап айтқанда сауда-экономикалық өзара әрекеттестік, Катардың Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қатысуы, қазақстандық-катарлық жоғары деңгейдегі үкіметаралық комиссиясы отырысын өткізу, Катардың Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін қолдауы, Қазақстанның штаб-пәтері Астана қаласында орналасатын Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құру бастамалары, сондай-ақ Астана қаласында шейх Тамим бен Хамад Әл Тани атындағы мектепті және Семей қаласында Республикалық оңалту орталығы нысандарын салу сияқты көкейкесті мәселелері кеңінен талқыланды.

Соңғы жаңалықтар