Елордада шетелдік такси қызметтерінің жұмысын реттейтін ереже жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елордада шетелдік такси операторларының қызметін реттейтін ереже енгізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов қалада такси қызметін ұсынушы шетелдік операторлардың мәселесін көтерді.

Тиісті басқарма өкілдері такси қызмет көрсету саласында бірқатар проблемалар бар екенін атап өтті.

«Қалада таксиге қызмет көрсетуде бірқатар проблемалар бар. Нақтырақ айтсақ, басқа елдердің операторларына байланысты мәселе бар. Айталық, Didi операторы нарыққа кірді. Яндекс те бар. Солардың такси қызметін ұсынуын реттейтін белгілі бір ережелерді енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Біз өз ұсыныстарымызды енгіземіз» - деді әкімдік өкілдері.

Аталмыш жиында елодада такси қызметін реформалау қажеттігі айтылған болатын.

Соның аясында такси қызметінің құнын сараланған тариф арқылы реттеу ұсынылып отыр.


Соңғы жаңалықтар