+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклінің премьерасы өтеді

2019 жылғы 25 сәуір 03:29
Бөлісіңіз:
Елордада Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклінің премьерасы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26-27 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласының Номад театрында У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұңғыш рет әлемге әйгілі У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясы реквием жанрында сахналанады. Режиссер - Фархад Молдағали.

Әлемге әйгілі «Ричард ІІІ» трагедиясы - Уильям Шекспирдің хроникаларының озық туындысы. Билік жолында туған бауырының да жанын алған, өзі билік еткен кезеңде ең қатыгез патша атанған қанышер Ричардтың өмірі әркімге қызық әрі жұмбақ. Алайда, Ричардтың өмірді жек көруіне, осыншалық жауыз болуына себеп болған не нәрсе?

«Ричард ІІІ» реквиемінде көрермен Ричардты басқа қырынан тани алады. Оның бауырларына, айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік туады. Ричардтың жан дүниесіне тереңірек үңілсе, ол жайлы бұрынғы қалыптасқан ой өзгеруі әбден мүмкін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT