Елордада Шәкәрімнің 160 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдеби-сазды кеште Шәкәрімнің бұрын-соңды айтылмаған өлеңдері орындалып және арнайы қонақ ретінде ұрпағы шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл ұлы ақынның туғанына 160 жыл, осыған орай туған өлкесі Семейден бастау алып, республикалық көлемде көптеген мәдени-ағарту шаралар өтуде. Бүгін Астана төрінде айтулы ақын мерейтойына орай «Бостандық таңы атты, қазағым көріңдер» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. 

Кешті белгілі академик, шәкәрімтанушы Ғарифолла Есім жүргізді, мәдени шара барысында қазақ ақынының көпке танымал және бұрын-соңды орындалмаған әндері айтылып, өлеңдері оқылды.

Сонымен қатар, шара барысында құрметті қонақ ретінде шақырылған Ш.Құдайбердіұлының ұрпағы Нұрбек Қабыкенұлы арғы атасына қатысты естелік деректермен бөлісті. 

«Шәкәрімнің қайтыс болған соң жер қойнауына тапсырылмай 30 жыл бойы құдықта жатқанын бірі білсе, бірі білмейді. Тек қана 1961 жылы тамызда ұлы Ахат пен менің әкем Қабыкен, Бақанас деген жерден сүйегін қазып алып, елге әкеліп, құран бағыштап немере ағасы А.Құнанбайұлының қасына жерледі», - деді ұлы ақын ұрпағы Нұрбек Қабыкенұлы. 

Мәдени шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтті. 

null null 

Соңғы жаңалықтар