Елордада шағын футболдан ҚР Президентінің суперкубогы өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында әуесқой шағын футбол лигалары жүлдегерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің суперкубогы үшін бәсеке өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет шағын футболдан әуесқой ойыншылар арасында суперкубок ұйымдастырылып отыр. Жалпы саны 5 лига және әр лигадан үздік деген 2 команда іріктеліп алынып, барлығы 10 команда бақ сынауда. Мұндағы басты мақсат – Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын жүзеге асыру, үлес қосу. Және футбол турнирін жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыратын боламыз», - деді спорттық шараның ашылу салтанатында ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Оның айтуынша, әуесқой шағын футболдан Қазақстан Республикасы Президентінің суперкубогын жеңген командаға 1 млн теңгені сыйақы беріледі.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы әр сөзінде халықтың спортпен айналысуына жағдай жасау керектігін және бұқаралық спорттық кеңінен насихаттау қажеттігін басым айтады. Бүгінгі шара соның бір көрінісі және бұл өскелең ұрпақ үшін оң үлгі. Сіздерге Мемлекет басшысының сәлемдемесін тікелей алып келіп отырмын. Сайыс болғаннан соң міндетті түрде жеңімпаз анықталуы тиіс, сондықтан да мықты деген команда ұтып шықсын деймін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін», - деді ол.

«Астана Арена» кешенінде бүгін алғаш болып «А» және «Б» тобында 10 команда өзара бақтарын сынауда.

Додалы жарысқа мемлекеттік сонымен қатар мемлекеттік емес ұйым өкілдерінен құралған футбол командалары да қатысып жатыр.

Айта кету керек, айтулы шара көрерменсіз өтіп жатыр және барлық санитарлық талаптар сақталған.


Соңғы жаңалықтар