Елордада шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жастар жылына арналған іс-шара Қазақстанда алыс және жақын шетелдерден келетін 30-дан астам команданың басын қоспақ, деп xабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

27-28 сәуірде «Жас Батыр» спорт кешенінде тарихи Отанына оралған және шетелде тұратын отандастар үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтеді.

Жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Отандастар» қоры және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастырмақ.

Жастар арасындағы турнирге Түркия, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан сияқты алыс және жақын шетелдерден келетін 30-дан астам команда қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ, оған еліміздің әр аймағынан келетін командалар да қатыса алады.

Командалардың жеребесі 26 сәуірде сағат 16:00-де Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Отандастар» қорында өтеді. Турнир 27 сәуірде сағат 09:00-де басталады.

Өтетін орны: Конституция көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан «Жас Батыр» спорт кешені.

Соңғы жаңалықтар