Елордада «Сергек» жобасының 50 экодатчигі ауаның тазалығын өлшейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Сергек» жобасының құрамына Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасын өлшеуге арналған 50 экодатчик кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұроваға сілтеме жасап.

«Сергек» жобасының құрамына Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасын өлшеуге арналған дербес құрылғы - 50 экодатчик кіретінін бірі білсе, бірі біле бермейді. Олар өлшейтін негізгі көрсеткіш-ауадағы ұсақ дисперсті бөлшектер саны. Бұл шаңның, тозаңның, аэрозольдардың, күйенің ұсақ бөлшектері, олар ағзаға өкпеден еніп, адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді», деп жазды Мәлика Бектұрова Telegram-дағы парақшасныда.
Елордада аталған мәліметтер қаланың әр бөлігінде орнатылған 50 датчиктен жиналады, олар көмірқышқыл газының температурасын, ылғалдылығын және ұстау деңгейін белгілейді.
«Олар ауаның жай-күйін қадағалауға және ластану көздерін аймақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Датчик көрсеткіштері минутына бірнеше рет келіп түседі. Осы мәліметтерді opendata.kz сайтынан көруге болады. Жақын арада бұл ақпарат қала тұрғындары үшін Smart Astana қосымшасында қолжетімді болады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар