Елордада «Сергек» орнатылғалы жол апаты 10% азайған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Сергек» орнатқалы жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 10% азайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сергек» жобасы екі кезеңге бөлінген: №1 және №2 кешендерін іске қосу. Қазіргі уақытта №1 іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталып, өткен жылы қаланың коммуналдық меншігіне берілді. №2 іске қосу кешенінің қондырғысы да толықтай аяқталды«, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.

Сонымен қатар, елордада жалпы бақылайтын 4 000 камера және сауда орталықтары, саябақ сияқты қоғамдық орындарда 3 000 камера бар.

»Сергек« орнатылғалы қаладағы жол-көлік оқиғасы 10% азайды. Жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 10% азайды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмғандар саны 45% азайды», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар