Елордада «Сенімді дос» акциясы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың жас патриоттары 150-ден астам ит пен мысық паналаған орталықта тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Сенімді дос» акциясын бастады. Акция үй жануарларын және иесі жоқ жануарларды қорғау мақсатында қолға алынып отыр.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, шара барысында жассарбаздықтар Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Я живой» орталығына барды. Жануарлардың жатын орнын тазалап, олармен серуендеп, тамақтандырды.

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбектің айтуынша, соңғы уақытта елімізде үй жануарларына қатысты проблема кеңінен көтеріліп жүр. Ит-мысықтарды азаптап өлтіру деректері де жиі кездеседі. Қараусыз қалған жануарлардың адамдарға зиян келтірмейтініне де кепілдік жоқ.

«Бүгін келіп отырған орталық акциямыз аясындағы алғашқы орталық. Мұнда 73 ит пен 180 мысық бар екен.

«Я живой» орталығы толықтай дерлік демеушілердің қолдауымен ғана жұмысын атқарып отыр және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тарапынан көмек көрсетілуде.

Біз соңғы кездерде қоғамда үй жануарларына көрсетіліп жатқан зорлық-зомбылыққа қарсы екенімізді айтқым келеді. Үй жануарларына арналған соңғы заңнаманы қолдаймыз. Біздің акциямызды Нұр-Сұлтан қаласының ұйымдары да қолдайды деген сенімдемін», - деді Асхат Налшыбек.


Соңғы жаңалықтар