Елордада сенбілік кезінде 3 мыңнан астам тал егіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадада апта соңындағы сенбілік кезінде 3 мыңнан астам тал егіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.

«Таңертең бастап қаланы араладым. Күннің суытуына қарамастан қаладағы ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Биылғы көктемде Нұр-Сұлтанда 13 мыңға жауық ағаш пен тал егіледі деген шешім қабылданды. Көшет отырғызу жұмыстарын коммуналдық қызмет бастап кетті», - деп жазды Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, көптеген қала тұрғындары өздеріне жер берілуін сұрайды, олар өз бақтарына тал егуді қалайды. Қаладағы аудандар әкімдіктері сұраныс бергендердің бәріне ағаш отырғызылатын жер анықталатынын, тіпті тал егілетін шұңқырда қазылып берілетінін айтуда.

«Біздің жоспарымыз бойынша алдағы сенбі-жексенбіде қалада 3 мыңнан астам көшет егіледі. Демалыс күндері алғашқы қалалық сенбілікте елордада жаңа жасыл алқаптар пайда болады.

Барлық қала тұрғындарын 20-21 сәуірдегі сенбілікке қатысуға шақырамын, жалпықалалық сенбілікке үлгермегендер үшін 11 мамырда атсалыса алады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар