+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Елордада Сенат депутатын сайлау ел заңнамасына сай өтті - халықаралық байқаушы

2020 жылғы 12 тамыз 13:20
Бөлісіңіз:
Елордада Сенат депутатын сайлау ел заңнамасына сай өтті - халықаралық байқаушы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Сенат депутатын сайлау ел заңнамасына сай өтті. Бұл пікірді Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі миссиясының басшысы, Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Маммадов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бұл сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатысып отырмыз. Өте көп кездесу өткіздік. Кеше Қазақстан Орталық сайлау комиссиясында кездесу болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде де кездесу өткізіп, ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттармен келіссөздер ұйымдастырдық. Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттарымен әңгімелестік. Ал бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сайлау учаскесі ашылған сәттен, сағат 10-нан бері осы жерде жүрміз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда да, біздің Түркітілдес мемлекеттерде де коронавирус індетінің таралуына байланысты бұл сайлауға үлкен делегация келе алмаған. Түркі кеңесі осынау ұйымға мүше елдермен, құрылтайшыларымен ақылдаса отырып, Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының өкілдерінен шетелдік байқаушылар жасақтау туралы шешім қабылдаған.

«Әзербайжан биыл бұл ұйымға төрағалық етеді. Сондықтан ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауды байқаушылар миссиясына Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде мен төрағалық қызметін атқарамын. Делегация құрамына Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Әзербайжан елдері кіреді. Бүгін біз кандидаттарды, байқаушыларды, БАҚ өкілдерін тіркеу сәтінен бастап мониторинг жүргіздік. Мәслихаттың Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиямен бірлескен отырысына қатыстық. Дауыс беру процесіне бақылау жасадық, ол өте жақсы, ашық өтті. Таңдаушылардың барлығына қолайлы жағдай жасалған. Өкінішке орай делегациямыз өте шағын болғандықтан Нұр-Сұлтан қаласынан басқа өңірлерге бара алмадық. Дегенмен, сайлаудың демократиялық жағдайда, Қазақстан заңнамасына сай өтті деп айтуға болады», - деді Рашад Маммадов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT