Елордада Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы «ADAL» партиясының өкілдерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы Бану Нұрғазиева «ADAL» партиясының хатшысы - Мұқанов Нұрлыбекпен және партиялық байқаудың үйлестірушісі - Молдабаева Айжанмен кездесті.

Бану Нұрғазиева қонақтарды қарсы алғаннан кейін 90-ға жуық елден келген ұлттық сайлау байқаушыларының жаһандық желісіне мүше 250 ұйым қабылдаған қоғамдық ұйымдардың партиялық емес байқау мен сайлауды бақылаудың жаһандық қағидалары Декларациясына негізделген Орталықтың қазіргі жұмысы туралы айтты.

«Біздің сайлауды бейпартиялық байқау орталығы өзін шынайы заңды сайлауды қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі ҮЕҰ, барлық мүдделі қоғамдық бірлестіктер, белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматтардың партиялық емес байқаушылары үшін шоғырландырушы алаң ретінде көрсетеді.

Біздің Орталықтың басты міндеті - білікті байқаушыларды дайындау. Біз 10 мыңға жуық адамнан тұратын аймақтық байқаушылар желісін қалыптастыру жөніндегі жұмысты іс жүзінде аяқтадық, олар нақты сайлау учаскелерінде сайлауды байқау функцияларын кәсіби деңгейде орындау мақсатында оқытылуда», - деді ол.

«ADAL» партиясының хатшысы Нұрлыбек Мұқанов Орталықтың жұмысымен танысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, өз кезегінде партияның сайлауалды бағдарламасымен қысқаша таныстырды, аймақтардағы сайлаушылармен кездесулер, үгіт-насихат жұмыстары туралы айтты.

«Біздің партия сондай-ақ барлық облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ұсынылған 500-ге жуық партиялық бақылаушыларды даярлау үшін білікті жаттықтырушыларды тартты. Біз сондай-ақ сайлауды мүмкіндігінше шынайы өткізуге мүдделіміз, сондықтан біз бұл туралы байқаушыларымызбен әрдайым сөйлесеміз және осыған назар аударамыз», - деді Нұрлыбек Мұқанов.

Партиялық қадағалау бойынша үйлестіруші Айжан Молдабаева эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқу үдерісі онлайн режимінде жүргізілгенін, сонымен қатар бұл формат тыңдаушыларды көбірек қамтуға мүмкіндік беретіндігін айтты.

Кездесу соңында Бану Нұрғазиева мен Нұрлыбек Мұқанов қоғамдық ұйымдар мен партиялық байқаушылардың бірлескен күш-жігері сайлау процесінің әділдігі мен адалдығын қамтамасыз етуі керек екенін растады.


Соңғы жаңалықтар