Елордада саяжайдағы үйдің шатыры өртеніп кетті

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада саяжайдағы үйдің шатыры өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт шамамен Кенесары мен Күмісбеков көшелеріне тақау, Есіл өзенінің сол жағалауында саяжай аумағында орналасқан жер үйлердің бірінен шыққан.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыртумен оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сағат 16-03-те өрттің алдын алып, он минуттың ішінде сөндірген.

«40 шаршы метр шатыр өртенді. Жарақаттанғандар мен қаза тапқандар жоқ», - деді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар