Елордада Сауран көшесі жартылай жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Сауран көшесі 18 маусымға дейін жартылай жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жол желісін орташа жөндеу аясында Сауран көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскесі жабылады. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осы учаскеде 13-18 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар