Елордада сауда орталығының паркингінен қосулы тұрған майнинг жабдығы табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда сауда орталығынан цифрлық криптовалюта өндіруге арналған заңсыз майнинг жабдығы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес кезекшіге паркинг бөлмесінде майнингке арналған жабдық табылғаны жөнінде қоңырау түскен.

Желдету құбырының бетіндегі бөлмені аралау кезінде қосылып тұрған 4 құрылғы табылды.

Заңсыз жабдықты сауда ойын-сауық орталығының инженері желдеткіш қораптардағы кабельдік желілерді тексеру кезінде тауып, басшылыққа хабарлады.

Қазіргі уақытта майнинг жабдығын табу фактісі бойынша материал тергеуге дейінгі тексеру және процессуалды шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне берілді.




Соңғы жаңалықтар