Елордада сатылып жатқан көмір бағасы белгілі болды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада сатып жатқан көмірдің ең арзанының 1 тоннасын қазіргі уақытта 10 мың теңгеден алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» – iKOMEK109 мәліметінше, бүгінде елордада Павлодар облысының аумағындағы Богатырь көмір кеніші өнімінің тоннасын 10 мың теңгеден сатып алуға болады.

Сонымен қатар осы облыстың аумағына кіретін Баянауыл ауданындағы Майкөбе кенішінің қоңыр көмірінің бір тоннасы сапасына қарай 11 000 теңгеден басталып, 12 500 теңгеге дейін саудаланып жатыр.

Қарағанды көмірінің де бағасы 12 500 теңгеге төңірегінде.

Абай облысының Абай ауданында орналасқан Қаражыра кенішінің көмірін 13 500-14 000 теңгеден алуға мүмкіндік бар.

Елордадағы ең қымбат көмір Шұбаркөл кенішіне тиесілі.

Бұл кеніштің көмірін елордада бір тоннасын 13 500-15 500 теңге аралығында сатып алуға болады.


Соңғы жаңалықтар