Елордада Сарыарқа ауданының шет жақтарындағы 100 көше асфальтталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Биылғы жылдың аяқталған жобаларының бірі - ауданымыздың көше-жол желісін жөндеу жұмыстарын айтуға болады. Аудан әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұрын ешқашан асфальт көрмеген 65 жолға Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жүргізді. Былтыр ауданымызда жеке сектордың 35 көшесіне асфальт төселген болатын. Биыл асфальтталған көшелер бойынша:

«Көктал-1» - 12 көше - 4,78 шақырым,
«Көктал-2» - 41 көше - 18,9 шақырым,
«Агроқалашық» - 12 көше - 5,21 шақырым.
Осылайша, соңғы екі жылда ауданымыздың тұрғын алаптарында 100 көше асфальтталды», - деп жазды Арман Тұрлыбек.

 

 null null 

Соңғы жаңалықтар