Елордада салынып жатқан тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 2 жұмысшы зардап шекті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 2 жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан аталған нысанның екі жұмысшысы зардап шекті. Оқиға орнында «103» бригадасы зардап шегушілерді қарады. Зардап шеккендердің бірі 1991 жылы дүниеге келген азаматтың қолының 2 пайызын, ал 1992 жылы дүниеге келген екінші жұмысшының бетінің 1 пайызын күйік шалған. Зардап шегушілер дәрігерлер қарағаннан кейін ауруханаға барудан бас тартты», - деп мәлім етті Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.

Естеріңізге сала кетсек, елордада салынып жатқан нысандардың бірінің аумағында өрт шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар