Елордада ревакциналау жұмыстары қалай жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қаладағы ревакциналау жұмыстары жайында түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 қарашадан бастап елімізде азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациялау басталды. Ревакцинация басталғанға дейін көптеген дайындық жұмыстары жүргізілді: екпе кабинеттерінің дайындығын бақылау, ревакцинация алгоритмі бойынша медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын өткізу, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Бүгінгі күні қала бойынша медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентінен 784 адам КВИ-ге қарсы қайта вакцина алды», - деді Т. Мұратов онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, олардың ішінде 170 адам отандық Qazvac вакцинасымен қайта вакцинацияланды. Қайта егу үшін 500-ге жуық азамат Sinofarm Vero cell вакцинасын таңдады.

«Ревакцинация санитарлық нормалар мен компоненттер арасындағы аралықты қатаң сақтай отырып жүргізілетінін атап өтемін. Ревакцинациядан медициналық ұйымдардың, сауда үйлер мен сауда орталықтарындағы вакциналау пункттерінде өтуге болады. Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алғысы келетіндерді вакцинациялау және ревакцинациялау қаланың 31 медициналық және ведомстволық ұйымдарында орналасқан 72 егу кабинетінде, 4 сауда үйі мен орталықтарында («Азия Парк», «Әбу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия») және «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында жүргізіледі», – деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар