USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Елордада ревакциналау тәртібі түсіндірілді

2021 жылғы 30 қараша 16:14
Бөлісіңіз:
Елордада ревакциналау тәртібі түсіндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - №2 қалалық емхана директорының орынбасары Майра Ахметова ревакциналау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясына қарсы қайталап егуге бірінші кезекте халықтың осал топтары - медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен құрамы, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері қамтылады. Екінші кезеңде бастапқы вакциналауын аяқтаған, қалған азаматтар қайта вакциналауға жатады. КВИ-ге қарсы ревакцинация егу мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі: векторлық екпелерді енгізгеннен кейін ревакциналау 9 айдан кейін жүргізіледі. Ал инактивтендірілген және м-РНҚ-вакцинадан (Pfizer) соң 6 айдан кейін жасалады», - деді М. Ахметова онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, егер Sputnik-V векторлық екпесімен алғаш рет вакциналаудан өткен болсаңыз, онда Hayat-Vax, QazVac, Sinovac, Vero Cell сияқты белсенді емес екпелермен 9 айдан кейін ғана қайталап егу қажет.

«Егер алғашқы егу инактивтендірілген екпелермен жүргізілсе, онда қайталама екпе ретінде Спутник-V немесе Pfizer вакцинасын 6 айдан кейін алуға болады», - деді М. Ахметова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Тимур Мұратов қаладағы ревакциналау жұмыстары жайында түсіндірді.

Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алғысы келетіндерді вакцинациялау және ревакцинациялау қаланың 31 медициналық және ведомстволық ұйымдарында орналасқан 72 егу кабинетінде, 4 сауда үйі мен орталықтарында («Азия Парк», «Әбу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия») және «Нұрлы жол» теміржол вокзалында жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT