+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Елордада республикалық студенттер айтысы өтті

2021 жылғы 11 мамыр 23:50
Бөлісіңіз:
Елордада республикалық студенттер айтысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Еуразия ұлттық университетінде республикалық студенттер айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Жыр додасы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған. «Ең бірінші бақытым...» республикалық студенттер айтысы осымен он бесінші мәрте өтіп отыр.

Айтысты ЕҰУ телерадио және қоғаммен кафедрасының меңгерушісі, белгілі айтыс ақын Серікзат Дүйсенғазы жүргізді. Қазылар алқасының құрамында Аманжол Әлтай (төраға), Дәулеткерей Кәпұлы, Иранғайып Күзембаев, Еркебұлан Қайназаров секілді танымал айтыскер ақындар мен университеттің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мақсат Аралханов болды.

Айтыстың негізгі жүлде қорына қайырымдылық көмек көрсеткен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы (төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы) барлық жас ақындарға қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Төрт сағаттан астам уақытқа созылған айтысқа қатысушыларға жүлделі орындардан бөлек арнайы алты номинация тағайындалды. Рымғали Нұрғали атындағы арнайы жүлде Орынбек Ардаққа (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті), Дүрәлі Дүйсебай атындағы арнайы жүлде Ахметов Әділге (М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті), Мырзатай Серғалиев атындағы арнайы жүлде Жұмәлі Мизамға (Павлодар педагогикалық университеті), Нәубат Қалиев атындағы арнайы жүлде Ұлғасбаев Мұхтарға (ЕҰУ), Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы жүлде Бақытұлы Жандосқа (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Мырзагелді Кемел атындағы арнайы жүлде Байментаев Ерасылға (ЕҰУ) табысталды.

ІІІ орын Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Бабақұл Мұхитқа бұйырса, ІІ орын Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Фариза Жетпісбаеваға табысталды. І орынды Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі Төрехан Совет иеленді. Айтыстың бас жүлдесін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Бексұлтан Орынбасаров жеңіп алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT