Елордада Рамазан айында түнде автобустар қатынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 сәуірден бастап елордада Рамазан айына орай мұсылмандарға арнайы тегін бағдарлар ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

CTS компаниясының мәліметінше, жамағатқа ыңғайлы болу үшін бағдарлар тарауық намазы аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Спутник» супермаркеті;

- ТЖ вокзалы;

- «Көктал-1,2» ТА.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- ТЖ вокзалы;

- Медициналық колледж

«Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- «Кирпичный» ТА.

«Ырыскелді қажы» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Ильинка» ТА.

«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Рахмет» СО.

Арнайы бағдарлардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз!


Соңғы жаңалықтар