Елордада Президент реформалары жайында сараптамалық баяндама таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесі танымал саясаттанушы Андрей Чеботаревтің авторлығымен «Қазақстандағы реформалар: Ниеттен іс-әрекетке» деп аталатын сараптамалық баяндаманы жарыққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баяндама президенттік реформаларға арналған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы екі жылдың ішінде реформалардың барынша ауқымды топтамасы жүзеге асырылды. Оның үстіне реформалар түрлі салаларды қамтиды. Оның реформаларының негізі «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы саналады және ол биліктің азаматтармен өзара қарым-қатынасында мүлдем жаңа негіз қалыптастырды. Процестердің ішінде жүргенде жүргізіліп жатқан реформалардың ауқымы мен жылдамдығын барлық уақытта сезіне аламыз. Бұл баяндамада сарапшы көзқарасы тұрғысында президенттік реформаларды байытып, жүйелеуге тырыстым», - деді Алексей Чеботарев.

Зерттеу жұмысында автор жүргізілген жүйелі реформалар хронологиясы мен кезеңдерін ұсынып, басты салалардағы президенттік бастамалармен байыта түскен. Сонымен қатар баяндамада еліміздің іс басындағы басшылығының саяси бағдары тұрғысында Қазақстанда орын алған саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге шынайы баға беруге ұмтылыс байқалады.



Соңғы жаңалықтар