Елордада православ христиандары Рождествоны қалай атап өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Христос Рождествосында құдайға құлшылық ету қалай өтетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұхановтың айтуынша, шіркеуге келетін адам саны ғимараттың жалпы пайдалы ауданының 30%-ынан аспау керек

«Православ христиандарын Христос Рожедествосы мерекесімен құттықтаймыз! Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына байланысты шіркеуге келетін адам саны ғимараттың жалпы пайдалы ауданының 30%-ынан аспау керек. Барлық шіркеуде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Осыған байланысты денсаулығы әлсіз және 65 жастан жоғары егде жастағы адамдарға шіркеуге бармай тұра тұруға кеңес береміз», - дейді Нұрдәулет Әлмұханов.

Оның айтуынша, ертең барлық діни рәсім әдеттегідей жасалады. Адамдар көп жиналып қалмасы үшін құлшылық ету уақытын сағат 09:00, 10:00 және 12:00 уақытына бөліп қойды.

Кешеден бастап дін қызметкерлері шіркеуде, ал ертеңнен бастап шіркеулердің есігі православ христиандары үшін ашық болады. Шіркеуде дін қызметкерлерінен бөлек, аудандық әкімдік, қалалық әкімдік қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, полиция қызметкерлері кезекші болады. Осының бәрін Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы реттеп отырады.

«Біз барлық шіркеуді аралап, қарап шықтық. Қалада үш храм бар. Олардың бәрінде санитарлық талаптар сақталған. Мерекелік діни рәсімдер 7 қаңтар күні сағат таңғы 09:00-ден бастап Успенский Кафедральды Соборында, Константино-Еленинский соборында және Серафима Саров храмында өтеді. Шіркеуге келушілерге барлық сақтық шараларын сақтау туралы ескерту айтылады. Кезекші топ та шіркеуде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Қажет болған жағдайда маска таратылып, санитайзер ұсынылады», - дейді басқарма басшысы.

Ол шіркеуге бара алмайтындар үшін діни рәсімдерді елордадағы тиісті сайттан және Instagram, You Tube, Facebook желілеріндегі ресми парақшаларынан көре алатындығын айтты.


Соңғы жаңалықтар