Елордада полицияға жалған хабарлама берген 14 жастағы жасөспірім ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңға сәйкес 2005 жылғы жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 сәуірде Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына белгісіз біреу қоңырау шалып, қазір өзінде жарылып кететін граната барын хабарлаған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 2005 жылы туған жасөспірімді ұстады. Анасымен бірге жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлайды Полиция департаментінен.

Жас бала үйде іші пысып, өзінің айтуынша «қалжың үшін» полицияға қоңырау шалып, граната туралы хабарлаған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес,«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тарату» бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру немесе 5 000 АЕК айыппұл көлеміндегі айыппұлмен жазаланатынын ескертеді. Заңға сәйкес, он төрт жастағы бала да терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

2020 жылдың басынан бері елордада «телефон терроризміне» қатысты үш оқиға тіркелген.


Соңғы жаңалықтар