+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Елордада полиция жол апатын жасаған көлікті дөңгелегін атып тоқтатты

2018 жылғы 29 қазан 08:50
Бөлісіңіз:
Елордада полиция жол апатын жасаған көлікті дөңгелегін атып тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері жол апатын жасаған көлікті дөңгелегін атып тоқтатты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Жұбанов көшесі бойында жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған бұзақыны елордалық полиция қызметкерлері ұстады. Ол қашып құтыламын деп жолда тағы бір көлікті қаққан.

«Ізіне түскен полицияның «тоқта» деген заңды талаптарын елемей, қозғалысын жалғастыра берген. Сондықтан полиция қызметкерлеріне оның көлігінің дөңгелегін екі рет оқ атып тесуіне тура келді. Бірақ, ол тесілген дөңгелекпен де қозғалысын жалғастыра берді. Бұған қоса, көше қиылысында оны тоқтатпақ болған полиция қызметкерін де сүйретіп кетті. Шамалы уақытқа созылған қуғыннан кейін полиция қызметкерлері Құдайбердіұлы көшесінде бұзақының көлігіне тосқауыл қойып тоқтатты. Ол ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ», - деді Алмас Садубаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT