Елордада полиция түнде ата-анасыз жүрген 44 баланы анықтаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың тәртіп сақшылары кей балалар түнде үйінде болмай, сыртта қыдырып жүретініне алаңдаушылық білдіріп отыр. Осыған байланысты қалалық Полиция департаменті ата-аналарға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта жасөспірімдер істері жөніндегі полиция қызметкерлері қала ішінде рейд жүргізіп жатыр. Таяу күндері жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері түнде ата-анасыз жүрген 44 баланы анықтаған. Барлық факт бойынша құқық қорғаушылар Әкімшілік кодекстің 442-бабы бойынша хаттама толтырды.

«Одан бөлек жасөспірімдер істері жөніндегі инспекторлар есепте тұрған ата-аналардың үйін аралап шықты. Тұрғылықты үйі бойынша 64 отбасы тексеріліп, полиция қызметкерлері бала алдындағы міндеттемесін орындамаған ата-аналарға Әкімшілік кодекстің 127-бабы қолданылатынын ескертті. Түсіндіру жұмысын жүргізді», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті ата-аналарға сағат түнгі оннан кейін балалар қараусыз жүрмеуі керектігін ескертеді. Ескертуді елемеген ата-аналар әкімшілік жазаға тартылады.



Соңғы жаңалықтар