Елордада полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

None
None
АСТАНА. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінде полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Отырыста алдын ала тергеу және анықтаудың бастапқы кезеңінде азаматтардың құқығын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Аталған шараға қатысушылар айғақсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту, жеке тұлғаның дербестігі, азаматтарды рұқсатсыз тұтқындау сияқты маңызды мәселелерді талқыға салды.

  Кеңес барысында Адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандық филиалының директоры Анар Ибраева учаскелік инспекторлар жұмысының тиімділігін арттыру үшін олардың еңбек құқығына, сонымен қатар жұмыстан тыс еңбегіне ақы төлеу мәселесіне ерекше көңіл аудару қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар