Елордада полиция ғимаратының терезесінен қашпақ болған бұзақы ұсталып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада полиция ғимаратының терезесі арқылы қашпақ болған бұзақы ұсталып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Instagram-дағы Астана сергек парақшасында жарияланған видеода бір адамның екінші қабат терезесінен салбырап тұрғаны түсірілген. Видеода оның қолынан полиция қызметкері ұстап тұрғанын байқауға болады. Осы оқиға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті түсініктеме беріп, оқиғаның Есіл аудандық полиция басқармасында орын алғанын растады.


«Осы жылдың 22 қыркүйегінде полиция қызметкерлері бұзақылық фактісімен 32 жастағы ер адамды ұстап, Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізген болатын. Ол полиция ғимаратының екінші қабатындағы терезесінен қашып кетпек болды. Қашу әрекетінің жолы кесілді. Бұзақылық іс-әрекет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар