Елордада полицейлер «Қауіпсіз орам» шарасын өткізуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада құқықтық тәртіпті сақтау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы және мас күйінде болатын құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз орам» шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында учаскелік инспекторлар 5 мыңға жуық тұрғын үй алабын оның ішінде: көпқабатты үйлердегі 3 мыңнан астам пәтерді, 414 жер үйді аралап шықты. Учаскелік полиция инспекторларының визит карталары тұрғындарға таратылды.

Үйлерді аралау барысында 100-ден астам кәсіпкерлік субъектісіне бөтен адамның мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша 800 жаднама таратылды. Белгілі тұрғылықты жері жоқ 22 адам ұсталды. Оның 5-еуі қабылдаушы-бөлуші бөлімге жеткізілді. 20 жасөспірім ұсталды. Оның 14-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін, 6-ы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталған. 100 азаматтық қару иелері тексерілді.

Үйлерді аралау нәтижесінде 800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жедел алдын алу шарасы барысында 100-ге жуық азамат ішімдік ішкені, мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін ұсталды, 87 адам қоғамдық орындарды ластаған.

Сонымен қатар, екі күн ішінде полиция қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 5 жанжалқойды және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін 8 адамды жауапкершілікке тартты.


Соңғы жаңалықтар