Елордада полицейге пара бермек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда Полиция департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай кезеңінде қала жолдары мен көшелерінде түрлі құқықбұзушылық фактілерін анықтауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 наурыздағы кезекшілік кезінде полицейлерге пара беруге талпынған Қырғызстан азаматы ұсталды. Қала көшелерін шолғындау кезінде тіртіп сақшылары «Honda» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Жүргізушінің қолында көлік құралының құжаттары болмаған. Жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол 2 мың теңге сомасындағы параны полицейлерге ұсынған.

«Жүргізушінің осы әрекеті құқыққа қайшы екені туралы ескерту жасалғанына қарамастан, ол ақшаны қызметтік көліктің ішінде қалдырған. Полицей пара беру фактісі жайында департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Орын алған бұл оқиға полицейлердің видеоны тіркеу құрылғысында жазылды», - делінген Полиция департаментінің мәліметінде.

Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, тиісті құжатсыз көлік жүргізгені үшін аталған ер азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Ал оның автокөлігі арнайы автотұраққа қойылды.


Соңғы жаңалықтар