Елордада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда Павлодар облысының ауылшаруашық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

«Жәрмеңкеге 160 млн теңгені құрайтын, 510 тоннаға жуық өнім жеткізілді. Оның ішінде 60-70 тонна ет, 200 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөністер. Әкелінген тауарлардың негізгі бөлігі ет және ет өнімдері, сонымен қатар жеміс-жидектер мен көкөністер. Себебі астаналықтардың арасында осы өнімдерге сұраныс жоғары. Павлодар облысының жәрмеңкесі биыл үшінші рет өткізіліп отыр», – деді Павлодар облысы сауда саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Оның айтуынша, жәрмеңкеге 90-нан астам павлодарлық тауар өндірушілер қатысып жатыр.

Өз өнімдерін «Жәрмеңкеде «Рубиком» ЖШС, «МолКом» ЖШС, «Смак» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сагып» ШҚ, «Галицкое» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Акжар-Ондирис» ЖШС секілді елімізге танымал кәсіпорындар ұсынуда.

Айта кетсек, Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының алаңында өтіп жатыр.

Айта кетейік, 31 тамыз күні басталған ел өңірлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері 27 қазанға дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар