Елордада Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары туралы халықаралық конференция басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, сондай-ақ БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, іскер топтар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысып жатыр.

2020 жылғы 12 желтоқсанда өткен Климаттық амбициялар саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізетінін мәлімдеген болатын.

«Қазақстанның барша азаматтарының атынан бүгін климаттың өзгеруіне қарсы күреске деген біздің берік ұстанымымызды, Париж келісіміне сәйкес барынша батыл, мақсатты іс-қимыл жасауға деген ниетімізді растағым келеді. Осы рухта біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндеттенеміз», - деп мәлімдеді сол кезде Мемлекет басшысы.

Халықаралық конференцияның мақсаты –Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі жөніндегі пайымын таныстыру; көміртегіден бейтарап қоғамды қайта құру арқылы ашылатын экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерді, инфрақұрылым мен технологиялардағы карбониздандыру және қайта құрудың қажетті саясатын жұртшылықтың назарына жеткізу; ауқымда көшу үшін қаржы қаражатын жұмылдырудың негізгі рөлін талқылау.


Соңғы жаңалықтар