+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Елордада пара алған бөлім басшысына 4,5 млн теңге айыппұл салынды

2019 жылғы 5 қараша 11:16
Бөлісіңіз:
Елордада пара алған бөлім басшысына 4,5 млн теңге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолада инспектор пойыз бригадирлерінен жүйелі түрде пара алған – агенттік Түркістан облысында өткен «Адалдық сағатына» 40 мыңға тарта жас буын қатысты СҚО-да пара берген колледж директоры сотталды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы С.Қ.Жұматаеваға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды. «Ол бірнеше рет қоғамдық тамақтану объектілерін жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін (тұрмыстық жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген», делінген хабарламада. 4 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Сол үкіммен С.Жұматаеваға пара бергені үшін К.К. Күлтаеваға 200 мың, С.Д. Сығаеваға– 300 мың, И.И. Исамидиновке - 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT