Елордада Өзбекстаннан келген жүргізуші жол полицейіне пара бермек болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда шетелдік жүргізуші полицейге пара беруге тырысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында полицейлер жол ережесін бұзғаны үшін Өзбекстан азаматы тізгіндеген «ВАЗ 2115» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға тырысқан жүргізуші патрульдік полицейге 5 мың теңге ұсынған.

27 жастағы жүргізуші іс-әрекетінің заңсыздығын ескерткеніне қарамастан, патруль көлігінің салонына ақшаны қалдырған, содан кейін ұсталған.

Тәртіп бұзушының заңсыз әрекеті полицейдің қызметтік бейнетіркегішіне жазылып қалған.

ҚР ҚК 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті лауазымды тұлғаға пара беру - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын, яғни айыппұл түрінде немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру көзделгенін ескертеді.



Соңғы жаңалықтар