Елордада өткен жылы 255 келі есірткі тәркіленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы елорда аумағында 1 300-ден астам есірткі қылмысы тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Данияр Нарымбиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер органының қызметі аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу ерекше маңызды. Қылмыстың осы түрі кәмелетке толмағнадар мен жастардың жат әрекеттерге баруымен де қауіпті. Мәселен, өткен жылы елорда аумағында 1 366 қылмыстық іс тіркеліп, оның 337-сі сотқа жолданса, 480-і тоқтатылды», - деді ол елордада өткен брифинг барысында.

Оның дерегінше, 2022 жылы қала аумағында 1 058 қылмыстық теріс қылық тіркеліп, оның 238-і сотқа жолданды, 449-ы тоқтатылды. Мұнан бөлек 308 қылмыстық құқық бұзушылық орын алды. Олардың 99-ы сотқа жіберілсе, 31-і тоқтатылып отыр.

«Барлығы 397 адам жауапқа қатыртылды, оның ішінде кәмелетке толмаған 2 жасөспірім мен 19 әйел бар. Заңсыз айналымнан 257 келі 519 грамм әртүрлі есірткі заты, оның ішінде 104,134 грамм героин, 98 келі 679 грамм анаша, 124 келі 206 грам гашиш, 34 келі 358 грамм синтетикалық есірткі бар», - деді Данияр Нарымбиев.

Полиция подполковигінің атап өтуінше, елімізде есірткі заттары негізінен Қытай, Ресей, және Еуропа елдерінен жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар