Елордада өткен марафонға әлемнің 11 елінен екі мыңға жуық желаяқ қатысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат– 3 қыркүйекте Астана қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Astana Marathon 2023 аяқталды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және Австралия, Ұлыбритания, Германия, Польша, Португалия, Ресей, Испания, АҚШ, Нидерланд, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінен екі мыңға жуық қатысушы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

42.2 шақырымында ер адамдар үлесі - 90,91% және әйелдер — 9,01%, және 10 км ерлер мен әйелдер қатынасы 69% және тиісінше 32% құрады.

Қатысушылардың жасы 16 және 76 жас аралығында.

Жарысқа елімізге танымал әртістер, мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері, спортшылар мен жүгіру клубтарының мүшелері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша маршруттың өзгеруіне байланысты қиындықтарға қарамастан команда барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырды.


«Біздің жігіттер қысқа уақытта балама бағыттарды таба алды. Осы орайда, еріктілерге де алғысымды білдіргім келеді. Жастығына қарамастан, бәрі тәжірибелі болып шықты. Қатысушылардың жағдайын жасап, барлығын жедел түрде ұйымдастырды», -деді Astana Marathon жетекшісі Гаухар Брамлей-Фентон.

Марафонның 18 жастан асқан қатысушыларына 42,2 шақырым, 16 жастан жоғары желаяқтарға 10 шақырым ұсынылды.

Марафон қатысушылары мен қонақтары көңіл көтеретін бағдарлама мен фитнес жаттықтырушылардың ұйымдастырған дене қыздыратын жаттығуына қатысты.

Әрбір 5 шақырымда қатысушыларға су ұсынылды.


42.2 шақырымға жүгірген марафоншыларға изотоникалық сусындар берілді.

2018 жылы Astana Marathon Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығына (AIMS) кірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең «жылдам» марафонға айналды, 2019 жылы Astana Marathon World Athletics Bronze Labelді жеңіп алды, ол әлемдік атлетика ұйымы мойындаған Орталық Азиядағы алғашқы Label марафоны болды.

2020 жылдан бастап Astana Marathon Abbott World Marathon majors Wanda Age Group біліктілігі жоғары марафондардың тобына кірді.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Events командасы спорттық жарысты ұйымдастырды.

Жарыс қорытындысы

42,2 км

Әйелдер

Бірінші орын – Гүлнұр Елемесова (03:01:15), Астана, Қазақстан

Екінші орын – Әлия Тұранова (03:06:08), Астана, Қазақстан

Үшінші орын – Айнұр Маликова (03:10:45), Астана, Қазақстан

Ерлер

Бірінші орын – Нодир Таниев (02:39:20), Чирчик, Өзбекстан

Екінші орын – Аким Еркебай (02:40:28 ), Астана, Қазақстан

Үшінші орын – Айдын Касен (02:48:32), Қазақстан

18–39 жас категориясында

Әйелдер

Бірінші орын – Нуршат Есенбаева (03:50:01) Астана, Қазақстан

Екінші орын – Валерия Решетникова (04:04:53) Астана, Қазақстан

Үшінші орын – Евгения Цой (04:06:59) Астана, Қазақстан

Ерлер

Бірінші орын – Мақсұт Шарипов (02:50:09), Астана, Қазақстан

Екінші орын – Илназ Басыров (02:52:44) Қарағанды, Қазақстан

Үшінші орын– Данил Орусский (02:53:59) Астана, Қазақстан

40–44 жас категориясында

Әйелдер

Бірінші орын – Бибігүл Сүлейменова (03:57:39), Астана, Қазақстан

Екінші орын – Әсел Ахметова (04:06:23), Астана, Қазақстан

Ерлер

Бірінші орын – Данияр Қасымов (02:53:53), Астана, Қазақстан

Екінші орын – Александр Беспалов (03:06:41), Зеренді, Қазақстан

Үшінші орын – Роман Яхин (03:09:46), Астана, Қазақстан

45–49 жас категориясында

Әйелдер

Бірінші орын –Роза Баймусина (04:58:19) Петропавловск, Қазақстан

Ерлер

Бірінші орын – Кирилл Сергеев (03:41:59), Астана, Қазақстан

Екінші орын – Талғат Темірболатов (03:48:49) Астана, Қазақстан

Үшінші орын – Мұрат Қаниев (03:49:29) Алматы, Қазақстан

50–54 жас категориясында

Ерлер

Бірінші орын – Радик Хасанов (03:12:25) Өскемен, Қазақстан

Екінші орын – Қасқырбек Тануев (03:35:14) Астана, Қазақстан

Үшінші орын – Геннадий Карнилович (03:36:29) Шахтинск, Қазақстан

55–59 жас категориясында

Әйелдер

Бірінші орын –Валентина Титовская (04:51:41) Теміртау, Қазақстан

Ерлер

Бірінші орын – Leszek Stachowiak (04:08:56) Польша

Екінші орын – Paul Gavriani (04:39:59) Нью-Йорк, АҚШ

Үшінші орын – Едіге Теміров, (05:26:36) Астана, Қазақстан

60–64 жас категориясында

Ерлер

Бірінші орын – Байзақ Талапнұр (03:57:29) Астана, Қазақстан

Екінші орын – Арыстанбек Кукебаев (04:47:14) Астана, Қазақстан

Үшінші орын – Александр Таранченко (04:53:47) Павлодар, Қазақстан

65–69 жас категориясында

Ерлер

Бірінші орын – Валерий Куликов (03:56:42) Шымкент, Қазақстан

Екінші орын – Қайыржан Молдыбаев (04:28:59) Астана, Қазақстан

10 км

Әйелдер

Бірінші орын – Ольга Сауп (00:39:08), Алматы, Қазақстан

Ерлер

Бірінші орын – Әлімжан Балтабек (00:33:08), Астана, Қазақстан

Сыйлықтар :

Дистанция 10 км

Ерлер және әйелдер:

1 орын - 40000 теңге және Astana Marathon 2024 жарысына тіркеу

Дистанция 42,2 км

ALL AGES категориясы (18–39 жас, ерлер және әйелдер)

1 орын - 200000 теңге және Astana Marathon 2024 жарысына тіркеу

2 орын - 100000 теңге және Astana Marathon 2024 жарысына тіркеу

3 орын - 50,000 теңге және Astana Marathon 2024 жарысына тіркеу

Жас категориялары:

1 орын –GM Sport дүкендер желісіне сертификат және Astana Marathon 2024 жарысына тіркеу

2 орын –Astana Marathon 2024 жарысына тіркеу

3 орын –Astana Marathon 2024 жарысына тіркеу.


Соңғы жаңалықтар