Jańalyqtar
Елордада өтетін сенбілікте 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады
2019 жылғы 11 қазан 18:37
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экологиялық айлық аясында 12 қазанда Нұр-Сұлтанда Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне арналған республикалық ағаш отырғызу акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаппай ағаш отырғызу акциясына Парламент депутаттары, Президент әкімшілігінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, аудан әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясы мен басқармалардың қызметкерлері және экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Акцияға 2600 адам үлес қосып, олардың көмегімен қалада 4 667 жасыл желек отырғызылады.
Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, компенсациялық ағаш отырғызу шеңберінде 505 тал ағаш егіледі. Атап айтқанда, Алматы ауданында - 427 түп ағаш, Байқоңыр ауданында - 1 170 түп, Есіл ауданында - 1 465 түп және Сарыарқа ауданында 100 түп ағаш егіледі.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Астанада наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармацияның» қоймасын тексерді
- Дәрігерлер елорда тұрғындарына үндеу жасады
- «Әлібек қорықпа»: Елордалық полицейлер терезе алдындағы сәбиді құтқарды
-
Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік жүргізген бойжеткен 15 тәулікке қамалды
-
2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы жасалады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER