Елордада өтетін Азия чемпионаты кейінге шегерілді
2022 жылғы 16 қаңтар 16:02

Елордада өтетін Азия чемпионаты кейінге шегерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы елордада өтетін жабық ғимараттағы Азия чемпионатының кейінге шегерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Оlympic.kz.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, «Омикрон» штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді», - делінген федерацияның хабарламасында.

Айта кетелік, Азия чемпионаты биылғы жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс еді.


Jańalyqtar

MURAǴAT