Елордада отбасылық жанжал бойынша 7500 қорғау нұсқамасы қолданылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көп адам қорғау нұсқамасының бар екенін білмейді. Бұл туралы Аntikor.live жобасында Нұр-Сұлтан полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан биыл отбасылық, тұрмыстық саладағы қылмыстың саны артты. Бұған карантин кері әсерін тигізді. Пандемия жағдайында халықтың өмір салты түбегейлі өзгерді. Әлеуметтік байланыстардың төмендеуі, қаржылық жағдайдың нашарлауы, адамдардың психологиялық жағдайда теріс әсер етуі, ішімдік ішу салдарынан отбасылық және тұлғааралық қақтығыс көбейді», - дейді Нұр-Сұлтан полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

Оның айтуынша, есепке алынған отбасылық жанжалға қатысты 7500-ден астам қорғау нұсқамасы шықты.

«Көп адам қорғау нұсқамасының бар екенін білмейді. Бұл кәдімгідей тежеуіш фактор ретінде қарастырылады. Мысалы, полиция департаментінің қызметіне жүгінген адамдар осы қорғау нұсқамасының қаншалықты тиімді екенін айтып жатады. Қорғау нұсқамасы бойынша құқық бұзушы сізге 30 тәулік ішінде сізге қатысты қандай да бір қылмыс жасамауы керек. Осы 30 тәулік ішінде учаскелік полиция инспекторы агрессорға қатысты профилактикалық жұмыс жасайды. Карантинге байланысты құқық бұзушының әрекеті бейнебақылау арқылы да бақыланып отырады. Бейнебайланыс арқылы шығуға мүмкіндік болмаса, тікелей мекенжайға барып, сол жерде профилактикалық жұмыс жасалады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар