Елордада отбасы шырқын бұзатындармен полиция қалай күреседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық ПД Есіл аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Әбіров отбасы шырқын бұзатындармен күрес қалай жүргізілетіндігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есіл» ауданы бойынша есеп беру кезеңінде 102 арнасына отбасылық жанжалға қатысты 2 мыңға жуық шақырту келіп түсті. Оның ішінде 847 факт бойынша отбасылық жанжалға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. 87 көрінеу жалған шақырту жасағаны үшін құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен жауапкершілікке тартылды. 445 тыныштықты бұзу фактісі бойынша іс-шаралар қолданылды», - деді ол бүгін ұйымдастырылған брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, осы ы жылдың 10 айының қорытындысында учаскелік инспекторлар тарапынан отбасылық-тұрмыстық қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 160 азаматты, адам денсаулығына қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін 111 азаматты, сондай-ақ 185 азамат және 210 жанжалқойды уақытша ұстау камерасына қамады.

«Жыл басынын бері соттың шешімімен отбасылық жанжалқойлардың әрекетіне қатысты 38 қатаң талап енгізілді. Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударады. Есепке алынған және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар қашықтықтан – бейне қоңырау арқылы тексеріледі. Яғни, учаскелік инспектордың мұндай адамдарды жедел бақылауға, үйдегі жағдайды көзбен көруге, сөйлескен кезде адамның жағдайын бағалауға, қажетті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндігі бар», - деді Марат Әбіров.


Соңғы жаңалықтар