Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азия елдері волонтерлерінің форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің елде волонтерлік іс мақсатты және жүйелі негізде дамып келе жатыр. Мемлекет бұл бағытқа жіті көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялады. Бұл елімізде волонтерліктің дамуына қуатты серпін берді. Қазақстан Президентінің волонтерлікті қолдау туралы бастамасы сол кезде басталған пандемияны ескере отырып, уақтылы қабылданған маңызды шешім болды», - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев форумның ашылу салтанатында.

Сенат басшысының айтуынша, пандемия өршіп тұрғанда волонтерлер медициналық қызметкерлермен бірге коронавируспен күресте алдыңғы қатарда еңбек етті.

«Осында отырған көпшілігіңіз пандемия кезінде маңызды жұмысқа қатысқандарыңызға сенімдімін. Волонтерлер сол кезеңде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ауқымды жұмыс атқарды. Айтар болсақ, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізді, отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жинап, жеткізді. Осыған байланысты барлық еріктілерге пандемия кезіндегі батылдық пен қажырлы еңбегі үшін тағы да алғыс білдіргім келеді», - дейді ол.

Айта кетсек, форумға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Әзірбайжан, Беларусь және Ресейден 600-ге жуық волонтер қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар